Сайт иелері мен медиаагенттіктерге
Сайтыңыз бен әлеуметтік желілеріңіз 24/7 өздігінен жұмыс істейді
Жаңалық жинайды, SEO-ға бейімдеп қайта жазады және үш тілде сайтыңызға жариялайды. Видео дайындап әлеуметтік желілерге таратады, ай сайынғы мемтапсырыс есебін өзі құрастырады. 17 қызметкердің орнына — бір жүйе.
Карта керек емес. Ұнамаса — тоқтатасыз, төлем жоқ.
Бұл таныс жағдай ма?
Әр айдың соңында Word/Excel-мен отырасыз
Мемлекеттік тапсырыс есебін қолмен жинайсыз. Бір ғана қате — төлем тоқтатылады немесе айыппұл салынады.
Қазақша нұсқа әрдайым «кейін» болады
Орысша мақала шығады, қазақшасы кешігіп қалады. Ал келісімшарт дәл қазақша нұсқаны талап етеді.
Копирайтер кетсе — бүкіл ағын тоқтайды
Жаңа адамды үйретуге үш ай. Сол уақытта жоспар бұзылады, ал рейтингте орныңызды бәсекелес алып қояды.
Әлеуметтік желіге видео керек, ал монтажер жоқ
Бір роликке жарты күн кетеді. Ал Instagram мен YouTube күніне 1-2 видео сұрайды. Үздіксіз жарияламасаңыз — алгоритм сізді ұмытады.
Үш мәселені бір жүйе шешеді
Әлеуметтік желілер — толық автомат
Мәтін, сурет және видео бересіз — жүйе брендіңізбен ролик жинайды, диктор мәтінін дауыстайды және Telegram, Instagram, YouTube, Threads-ке белгіленген уақытта шығарады. Дайын видеоңыз болса — рендерсіз, тікелей жіберіледі.
Сайтқа контент — әр жарты сағат сайын
Дереккөздерді өзі бақылайды, мазмұнды SEO-ға бейімдеп қайта жазады және сайтыңызға қазақша, орысша, ағылшынша жариялайды. WordPress және басқа CMS-термен API арқылы байланысады.
Мемтапсырыс есебі — енді қолмен санап отырмайсыз
Келісімшартты (Word/PDF) жүктейсіз. Жүйе жарияланған материалдардың таңбасын келісімшарт бойынша санап, дайын Word есебін құрастырады. Тіл бойынша сүзгі бар — ағылшын мақалалар көлемге кірмейді.
Бір жаңалық — толық жол
- Дереккөз
- Қайта жазу
- Үш тіл
- SEO
- Сайт
- Видео
- Әлеуметтік желі
- Есеп
Бұл үш бөлек қызмет емес — бір тізбек. Жүйе жаңалықты тапқаннан бастап мемтапсырыс есебіндегі жолға айналғанға дейін өзі жүргізеді. Сіз тек тақырыпты бекітесіз.
Сол көлемді адаммен істесеңіз
| Бастау | Бизнес | Максимум | |
|---|---|---|---|
| Айына видео | 30 | 60 | 180 |
| Айына жарияланым (барлық тілде) | 132 | 600 | 4 320 |
| Қажетті қызметкер | 0,8 | 2,6 | 17 |
| Айлық жалақы қоры | 332 000 ₸ | 1 035 000 ₸ | 6 805 000 ₸ |
| 724.kz жазылымы | 24 900 ₸ | 69 900 ₸ | 199 900 ₸ |
| Ай сайынғы үнемдеу | 307 100 ₸ (13 есе арзан) | 965 100 ₸ (15 есе арзан) | 6 605 100 ₸ (34 есе арзан) |
«Максимум» тарифіндегі көлемді (айына 4 320 жарияланым) қолмен істейтін редакция Қазақстанда жоқтың қасы. Мәселе тек ақшада емес — мұндай қарқынды адаммен ұстау мүмкін емес.
«17 адам» деген қайдан шықты
Максимум тарифінің көлемін — айына 180 видео және үш тілде 4 320 жарияланым — қолмен істеу үшін мынадай штат керек:
| Қазақша копирайтер | 4 |
| Орысша копирайтер | 4 |
| Ағылшыншаға аудармашы | 4 |
| Видеомонтажер | 2 |
| SMM-маман және есеп жүргізуші | 2 |
| Үйлестіруші редактор | 1 |
| Барлығы | 17 |
Есеп нормасы: бір мақаланы бір тілде SEO-ға бейімдеп қайта жазу — 0,5 сағат; бір видео — 1,5 сағат; бір адамның айлық жұмыс уақыты — 168 сағат. Жалақы нарықтық бағамен алынған.
Төрт қадам — ертең жүйе жұмыс істейді
Тіркелесіз
2 минут. 14 күн тегін, карта керек емес.
Брендіңізді баптайсыз
Логотип, түс, қаріп, диктор дауысы. Өзіңіз — 15 минут. Немесе біз баптап береміз.
Аккаунттарыңызды қосасыз
Сайт (WordPress немесе басқа CMS) және әлеуметтік желілер. Қазақша нұсқаулық бар, немесе біз қосып береміз.
Жүйе іске қосылады
Кестені өзіңіз белгілейсіз. Ертең таңертең сайтыңызда алғашқы мақала, әлеуметтік желіде — алғашқы видео.
Бұл жүйе жарнама үшін жасалмаған
724.kz — біздің өз БАҚ-ымыздан шыққан жүйе. Almaty.news редакциясында ол әр жарты сағат сайын қазақша және орысша материал шығарады — айына 1 440 мақала, 2 880 жарияланым. Әр төрт сағат сайын сайттағы жаңалықтарға видео шолу дайындайды — айына 180 видео. Сіз көріп отырған нәрсе — демо емес, бүгін де жұмыс істеп тұрған нақты редакцияның құралы.
ЖК «infohub.kz» · ЖСН 881218302809 · Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280 · +7 778 976 89 24
Тарифтер
Айлық жазылым. Кез келген уақытта ауыстыруға немесе тоқтатуға болады.
Бастау
24 900 ₸ / ай
Өз бетіңізше тегін қосыласыз (нұсқаулық берілген) немесе біз баптап береміз — 35 000 ₸, бір рет.
Жұмыс күні 6 мақала, күніне 1 видео. Бір сайт, қазақша. Жаңа сайттар мен әлеуметтік желілер үшін.
- ✓ Айына видео: 30
- ✓ Айына мақала: 132
- ✓ Сайт: 1
- ✓ Тілдері: қазақша
- ✓ Айына автожариялау: 240
- ✓ Әр желіде аккаунт: 2
- ✓ Push қосылатын сайт: 1
- ✓ Push жазылушысы: 10 000
- ✓ Push хабарламасы: күніне 10
- ✓ Дискі: 20 ГБ
Бизнес
69 900 ₸ / ай
Күніне 2 видео, күніне 10 мақала. Қазақша мен орысша (бір материал екі тілде — лимиттен екі мақала). 3 келісімшарт бойынша мемтапсырыс есебі.
- ✓ Айына видео: 60
- ✓ Айына мақала: 300
- ✓ Сайт: 1
- ✓ Тілдері: қазақша, орысша
- ✓ Айына автожариялау: 720
- ✓ Әр желіде аккаунт: 3
- ✓ Мемтапсырыс келісімшарты: 3
- ✓ Push қосылатын сайт: 1
- ✓ Push жазылушысы: 50 000
- ✓ Push хабарламасы: күніне 30
- ✓ Дискі: 60 ГБ
Максимум
199 900 ₸ / ай
Күніне 6 видео, күніне 48 мақала. Қазақша, орысша, ағылшынша (бір материал үш тілде — лимиттен үш мақала). 6 келісімшарт бойынша мемтапсырыс есебі. Ірі медиа мен агенттіктерге.
- ✓ Айына видео: 180
- ✓ Айына мақала: 1 440
- ✓ Сайт: 1
- ✓ Тілдері: қазақша, орысша, ағылшынша
- ✓ Айына автожариялау: 2 880
- ✓ Әр желіде аккаунт: 4
- ✓ Мемтапсырыс келісімшарты: 6
- ✓ Push қосылатын сайт: 2
- ✓ Push жазылушысы: 200 000
- ✓ Push хабарламасы: күніне 100
- ✓ Дискі: 150 ГБ
Таңдаулы
Келісім бойынша
«Максимумның» бәрі плюс толық жүргізу: сайт, әлеуметтік желілер, мемтапсырыс. LiveInternet рейтингінің БАҚ бөлімінде топ-50-ге шығару.
- ✓ Айына видео: шексіз
- ✓ Айына мақала: шексіз
- ✓ Сайт: шексіз
- ✓ Тілдері: қазақша, орысша, ағылшынша
- ✓ Айына автожариялау: шексіз
- ✓ Әр желіде аккаунт: шексіз
- ✓ Мемтапсырыс келісімшарты: шексіз
- ✓ Push қосылатын сайт: шексіз
- ✓ Push жазылушысы: шексіз
- ✓ Push хабарламасы: шексіз
- ✓ Дискі: шексіз
Жиі қойылатын сұрақтар
Мазмұнды кім жазады және сапасы қандай?
Жүйе дереккөзді көшірмейді — нөлден қайта жазады. Автоматты режимде де, модерациямен де жұмыс істейді: қаласаңыз, әр материалды жарияланғанға дейін өзіңіз тексересіз. Сапасын бағалау үшін Almaty.news сайтын ашыңыз — ондағы материалдар осы жүйеден шығып жатыр.
Сайтым WordPress-те емес. Жұмыс істейді ме?
WordPress дайын. Басқа CMS-термен API арқылы қосыламыз. Байланысыңыз — тексереміз.
Instagram-ға қалай қосыламын?
Instagram арқылы тікелей (Facebook керек емес) немесе Facebook арқылы. Қазақша нұсқаулық берілген, не біз қосып береміз.
Мемтапсырыс есебі қандай форматта?
Дайын Word файлы, келісімшарт талабына сай. Таңба саны әр материал бойынша бөлініп көрсетіледі.
Деректерім қауіпсіз бе?
Кілттеріңіз шифрланып сақталады. Бір клиенттің мазмұны екіншісіне көрінбейді. Толығырақ — Құпиялық саясатында.
Кез келген уақытта тоқтата аламын ба?
Иә. Келесі айға төлем алынбайды. Жарияланған мазмұн сізде қалады.
Редакция ұстаудың орнына жүйе қосыңыз
14 күн тегін. Карта керек емес. Ұнамаса — тоқтатасыз, ешқандай міндеттеме жоқ.
14 күн тегін бастау